Тасқала ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы 2019 жылдың қортыныдысы бойыена АНЫҚТАМА

Тасқала ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы 2019 жылдың қортыныдысы бойыена

АНЫҚТАМА

Тасқала ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 24 кезекті отырыстары, оның ішінде 1 көшпелі отырыс Достық ауылдық округінде және 1 кезектен тыс отырысы өткізілді.

Кәмелетке толмағандарға қатысты 16 іс қаралды, оның 8-і  кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеуден жалтарып, ата-аналық міндеттерін орындамауына байланысты болса, 2-уі жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша, 3-уі құқықбұзушылық жасаған кәмелетке толмаған балаларға қатысты және 1-уі девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған балаларға қатысты, сонымен қатар, 2-уі оқудан жалтарған кәмелетке толмағандарға қатысты болды.

Қазіргі таңда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған 2 жасөсіпірім жаңа патронатты отбасында мектеп медбикесінде тәрбиеленіп жатыр. Жазғы демалыста лагермен қамтылып,  мектепте ыстық тамақпен, киім-кешекпен, оқу құралдарымен жабдықталды.

Құқықбұзушылық жасаған 2 жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдерге ескерту беріліп, мектепішілік есепке алынды. Қазіргі таңда, олар мінезқұлықының жақсауына (түзелуіне) байланысты мектепішілік есептен алынды. Ал 1 жасөспірімнің әжесіне сот шешімі бойынша айыппұл салынды.

Девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған 1 жасөспірімге психологтар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, жасөспірім аудандық колледжде 1 курста оқиды. Сабаққа белсенді қатысып, спорттық секцияға қатысады. Бүгінгі күні, жетімдер санаты бойынша тұрғын үймен қамтылды.

Оқудан жалтарған кәмелетке толмаған 1 жасөсіпірім қазіргі таңда сабаққа қатысып, аудандық колледжде білім алуда. Ал екінші жасөсіпірім өз еркімен оқудан бас тартып, жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, 2020 жылдың ақпан айынан бастап қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарған 2 ата-анаға сот шешімі бойынша айыппұл салынды.

Біреуі жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сондай-ақ, аталған азаматшаға ауылдық округ әкімінің тарапынан тұрғын үй бойынша көмек көрсетілді. Атап айтқанда, ауылдық окруктегі тұрғын үйде тегін тұрады, өз қалтасынан тек коммуналдық қызметке ғана шығын шығарады.

Есепте тұрған ата-аналарға аудандық білім бөлімі мен полиция бөлімі рейд жұмыстарын жүргізіп, бақылауда ұстауда.

2019 жылдың 31 желтоқсаны жағдайы бойынша 29 бала, соның ішінде мектеп жасындағы 24 бала тәрбиелеп отырған 12 қолайсыз отбасы комиссия тіркеуінде тұр. Олардың 4-уіне мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ал 2 отбасы әлеуметтік осал топ (баласының мүгедектігі үшін) және көп балалы ана санаты бойынша мемлекет тарапынан тұрғын үймен қамтылды.

 

Дата публикации
13 февраля 2020