Мемлекеттiк қызмет көрсетуге шағым беру тәртiбi
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне), дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет алушының таңдауы бойынша: қызмет беруші басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
«Электрондық үкімет» мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығына 8-800-080-7777 (1414) телефондарына хабарласуға болады.
Шағым онда көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.
Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда), қызмет алушының пошталық мекенжайы, шағымды берген күні көрсетіліп, қызмет алушының қолы қойылады.
Шағым беру кезінде әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым беріліп отырған лауазымды тұлғаларының лауазымы, аты-жөні, шағым беру себептері және талаптары көрсетіледі.
Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде мемлекеттік қызмет алушыға шағымның қыбылданғандығын растайтын шағымды қабылдап алған лауазымды тұлғаның аты-жөні, қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген талон беріледі.
Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты тиісті қызмет берушінің кеңсе қызметкерлерінен алуға болады.
Шағымды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында қарастырылған тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Мемлекеттiк қызмет көрсетуге шағым беру тәртiбi туралы қосымша ақпаратты 21239 телефоны бойынша Тасқала ауданы әкімі аппаратынан алуға болады.