2020 жылғы «2016-2020 жылдарға арналған Тасқала ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасын» іске асыру жөніндегі есебіне аналитикалық жазба

2016-2020 жылдарға арналған Тасқала ауданының аумақтарты дамыту бағдарламасы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылдың 11 қаңтарында №37-1 шешімімен бекітілген. Аумақтарды дамыту бағдарламасының іс-шаралар жоспары Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №34 қаулысымен бекітілген. Соңғы түзетулер 2020 жылғы 2 желтоқсанда болды.

Тасқала ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасы 5 бағыттан тұрады:

1.ЭКОНОМИКА

2.ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ

3.ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТӘРТІП

4.ИНФРАҚҚҰРЫЛЫМ

5.ЭКОЛОГИЯ.

Бағдарламаның мониторингі «Қазақстан Республикасындағы Менмлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Репсубликасының Ұлттық экономика Министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №64 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды.

Бағдарламаның іс-шаралар жоспары бекітілген мақсатты индикаторлар мен бағдарлама нәтижелерінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

Бағдарламада барлығы 12 мақсат, 31 индикатор көзделген. 2020 жылы 31 индикатордың 22-сіне қол жеткізілді, 2 индикаторда статистикалық ақпарат, 1 индикаторда жоспарланған мәндер жоқ, 6 көрсеткішке қол жеткізілмеді. Аумақтарды дамыту бағдарламасының іс-шаралар жоспарында 21 іс-шара көзделген, оның 1  орындалмады.

1 БАҒЫТ. ЭКОНОМИКА

Бұл бағытта 10 нысаналы индикатор қарастырылған, оның ішінде 5 индикаторға көрсеткішке қол жеткізілген жоқ.

  • нысаны бойынша «Салықтық және салықтық емес түсімдердің толық жиналуын қамтамасыз ету» 1 нысаналы индикатор және 1 іс-шара көзделген. Барлық көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Нысаналы индикатор «Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны» орындалды. Жоспар 410 461,0 мың.теңге болғанда, жергілікті бюджетке 543 419,0 мың.теңге түсті. Аталған индикаторға қол жеткізу мақсатында, ауданда 2-ЖШС тіркелді.

1.2 нысаны бойынша «Өңдеуші өнеркәсіптің өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге» 4 нысаналы индикатор  және 1 іс-шара көзделген. 2020 жылы 3 нысаналы индикатор орындалған жоқ.

«Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі» және «Өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі» нысаналы индикаторы өнеркәсіптік өндірістің жай дамуына байланысты орындалған жоқ, аудан негізінен ауыл шаруашылығына маманданған. Тасқала ауданыда короновирустық инфекцияға байланысты енгізілген шектеу карантиндік шараларға байланысты өнеркәсіп кәсіпорындары толық көлемінде жұмыс жасамады.

Іс-шара «Бірлік ауылына суды қайта өңдейтін және оны бөтелкеге құятын шағын зауыт ашылуы» орындалды. Нысан 2020 жылы іске қосылды. 11 жұмыс орын ашылды. Жоба құны 120,0 млн.теңге.

  • нысаны бойынша – «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге» 2 нысаналы индикатор көзделген. Барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеді.

Нысаналы индикатор «Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексі» орындалған жоқ. Ауа-райының құрғақшылығына байланысты егілген егістердің өнімділігінің төмендеуі салдарынан орындалмады.

Нысаналы индикатор «Ауыл шаруашылығына инвестициялар» орындалған жоқ. Тасқала ауданыда короновирустық инфекцияға байланысты енгізілген шектеу карантиндік шараларға байланысты 3 бірлік «Фрегат» жаңбырлатқыш қондырғысы (әрқайсының құны 120,0 млн.теңге) сатып алынбады (ЖШС «Таскала ЕТ БКО).

  • нысаны бойынша– «Шағын және орта кәсіпкерлік ұстанымдарын кеңейту және нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасауға» 3 нысаналы индикатор және 3 іс-шара көзделген, оның ішінде барлық нысаналы индикаторға және көзделген іс-щараларға қолжеткізілді.

Нысаналы индикатор «Тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің үлесі» орындалды. Жоспар бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің 920 нысаны болса, жұмыс істеп тұрғандар саны 1059-ды құрады.

Нысаналы индикатор «Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің үлесі» орындалды. Тіркелген 1135 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде жұмыс істеп тұрғандар саны 1059 бірлікті құрайды.

 2 БАҒЫТ. ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ

Бұл бағытта 5 мақсат қарастырылған (білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт).

Білім беру.

2.1 нысаны бойынша – «Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға» 2 нысаналы индикатор мен 3 іс-шара көзделген. Барлық нысаналы индикаторларға және іс-шараларға қолжеткізілді. Ауданда апаттық мектептер жоқ. 3-6 жас аралығындағы барлық балалар мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен 100% қамтылған.

Іс - шара:" Атамекен ауылындағы Совхоз орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша ғимаратын күрделі жөндеу " орындалды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша 174 526,2 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. Тапсыру мерзімі 2020 жылғы 25 желтоқсан. Жоба бойынша мемлекеттік сатып алудан 24 856,0 млн.теңге сомасына үнемдеу және жөндеу кезінде 15 817,8 млн. теңге алып тасталатын шығыстар қалыптасты.

Іс-шара "Ақтау ауылындағы Ақтау жалпы орта білім беретін мектеп - балабақша ғимаратын күрделі жөндеу" орындалды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша 170 803,9 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тапсыру мерзімі 2020 жылғы 26 қараша. Жоба бойынша мемлекеттік сатып алудан 23 935,0 млн.теңге сомасына үнемдеу және жөндеу кезінде 12 161,1 млн. теңге алып тасталатын шығыстар қалыптасты.

Іс-шара: " Тасқала ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратын күрделі жөндеу" орындалды. "Ауыл Ел бесігі" бағдарламасы бойынша 150 568,2 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. Тапсыру мерзімі 2020 жылғы 14 қараша. Жоба бойынша 19 431,8,0 млн.теңге сомасына мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу қалыптасты.

Денсаулық сақтау.

2.2 нысаны бойынша «Халықтың денсаулығын жақсарту» 2 нысаналы индикатор және 2 іс-шара көзделген. Соның 1 нысаналы индикаторына қол жеткізілген жоқ.

Нысаналы индикатор «Ана өлімін төмендету» орындалды. 2020 жылы ана өлімі тіркелмеген.

Нысаналы индикатор «Сәби өлімі» орындалған жоқ. Ауданда 243 туылғанға шаққанда нәресте өлімінің 3 жағдайы тіркелді (3*1000/248=12,1%).

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау.

2.3 нысаны бойынша – «Халықты жұмыспен қамту деңгейінің өсуі» 5 нысаналы индикатор және 1 іс-шара көзделген. Барлық нысаналы индикаторларға және іс-шараларға қолжеткізілді.

Нысаналы индикатор «Жұмыссыздық деңгейі» және «Өндіріссіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санының» көрсеткіштері бойынша статистикалық мәліметтер жоқ.

Нысаналы индикатор «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын атаулы әлеуметтік көмек алушылардың нақты ауырлығы (шартты ақшалай қолдау)» орындалды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы саны (шартты ақшалай қолдау) 600 адамды құрады, олардың ішінде 186 адам белсенді еңбек етуде.

Нысаналы индикатор «Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі» орындалды. Есепті жылы Жұмыспен қамту орталығына 31 мүгедек жүгінді, оның ішінде 28 мүгедек жұмысқа орналастырылды.

Нысаналы индикатор «Мүгедектерге қол жетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі» орындалды. Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 80 объектісінің барлық объектілері мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген.

Мәдениет.

2.4 нысаны бойынша «Отандық мәдениетті және өнерді кең түрде насихаттау» бойынша 1 индикатор және 1 іс-шара көзделген. Барлық нысаналы индикаторларға және іс-шараларға қолжеткізілді.

Нысаналы индикатор «1000 адамға шаққандағы кітапханаларға келушілердің (келу) орташа саны» орындалды. Ведомствалық есепке сәйкес алдын ала мәліметтер бойынша кітапханадағы оқырмандар саны 9858 адамды құрады. Қазіргі уақытта статистикалық мәліметтер жоқ.

2.5 нысаны бойынша «1000 адамға арналған халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі» орындалды. Спортпен шұғылданатын халық саны 5 432 адамды құрайды (80*(16592/100)=1327,36:780/1327,36=58,7%, оның ішінде 80- дене шынықтыру-сауықтыру жаттығуларына арналған спорт залдарының аумағы ; 780-аудандағы спорт залдар).

 3 БАҒЫТ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТӘРТІП

3.1 нысаны бойынша – «Азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың әлеуметтік қолайлы деңгейін құру және қолдау» 2 нысаналы индикатор, 2 іс-шараларды қарастырады. Барлық нысаналы индикаторлар мен іс-шаралар орындалды.

Нысаналы индикатор «10 000 тұрғынға шаққандағы қылмыстың деңгейі» орындалды. 2020 жылы 121  қылмыс тіркелді (121*10000/16592=72,9%).

Нысаналы индикатор «Көшелерде жасалған қылмыстардың үлесі» орындалды. 2020 жылы 136 қылмыс тіркелді, оның ішінде 5 қылмыс көшеде жасалынған (5/121*100=4,1%).

4 БАҒЫТ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ.

4.1 нысаны бойынша – 5 индикатор және 5 іс-шара көзделген. Барлық индикаторларларға қол жеткізілді, 1 іс-шара орындалған жоқ.

Нысаналы индикатор «Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы көлемі» орындалды. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы жоспар бойынша 3 775 шаршы метр болса, 3 959 шаршы метрді құрады. Ресми статистикалық деректер.

Нысаналы индикатор «Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы автокөлік жолдарының үлесі» орындалды. 2020 жылы Мерей ауылына кіреберіс автожолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді (13км)(76,5/202*100=37,9%).

Нысаналы индикатор «Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум нысандары үлесін төмендету» орындалды. Кондоминиумның 41 нысанының 30-ы жөндеуді қажет етеді (73,2%).

Іс-шара «ТҮКШ Жаңғырту шеңберінде Тасқала ауылының көппәтерлі 2 қабатты тұрғын үйлеріне күрделі жөндеу» орындалды. 2020 жылы  39 708,5 мың.теңгеге №3,№4 Аманжолова, №6 Сабирова мекен жайындағы кондоминиумның 3 нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Нысаналы индикатор «Халықтың орталықтандырылған сумен қамтылуы» орындалды. 16592 халықтың 15 725-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Іс-шара «Орталықтандырылған  суды пайдаланатын  тұрғындар саны» орындалған жоқ. Үш ауыл бойынша сумен жабдықтауды қайта құру бойынша объектілер 2020 жылдың соңында, яғни қысқы уақытта пайдалануға берілді. Осыған байланысты халықтың негізгі бөлігі өз үйлеріне орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуден бас тартты.

Нысаналы индикатор «Орталықтандырылған суға қосылған ауылдық елді мекендердің саны» орындалды. 28 АЕМ-нің 15 АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған. Есепті жылы Мереке, Қалмақ және Тасқала ауылдарының су құбыры қайта жаңартылды.

 5 БАҒЫТ. ЭКОЛОГИЯ.

 5 нысан бойынша 1 мақсат және 3 нысаналы индикатор көзделген. 1 нысаналы индикаторға қол жеткізілген жоқ.

Нысаналы индикатор "Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу  және кәдеге жарату үлесі» орындалған жоқ, өйткені ауданда қайта өңдеу кәсіпорындары жоқ. 1 индикатор бойынша жоспарлы мәндер жоқ.

Нысаналы индикатор «Халықты қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен  қамту» орындалды. Жалпы тұрғындардың саны 16592 адамды құрайды. Халықтың 53%  жинаумен және тасымалдаумен қамтамасыз етілген-бұл Тасқала ауылы (7829 адам) және Мерей ауылы (963 адам).

Бағдарламаны іске асыруға барлық қаржыландыру көздері есебінен 2020 жылға 5 152 065,9 мың.теңге қарастырылды, оның ішінде 2 003 396,0 мың.теңге республикалық бюджеттен, 282 919,9 мың.теңге жергілікті бюджеттен, 2 865 750,0 басқа да көздерден.

2020 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 9 184 411,1 мың.теңге игерілді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2 003 396,0 мың.теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 206 366,1 мың.теңге, басқа көздер есебінен 6 974 649,0 мың.теңге.

 

 

Аудан әкімі                                                                                            А.Халелов                                                                      

Экономика және қаржы бөлімі

басшысы                                                                                           Л.Тастембекова

 

Дата публикации
12 февраля 2021