шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі
«Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ ҚР жеке және заңды тұлғаларына шаруа қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын ұсыну бойынша конкурс "Екпін" газетінің №50 басылымында 2020 жылдың 15 желтоқсаны жарияланған болатын. 2021 жылғы 21 қаңтардағы №2-БМСДҚ БҚО санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің» бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы негізінде БҚО аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейтуіне байланысты конкурсты кейінге қалдыру туралы хабарлама 2021 жылдың 29 қаңтарында Екпін газетінің №4 басылымында жарияланды. Конкурсқа келесі жер телімдері шығарылады:
|
№ п/п |
Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің лот № ) |
Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде |
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
Жалпы аудаңы, гаЖалға беру мерзімі, жыл |
Алқаптардың құрамы, оның ішінде |
Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет |
Сумен қамтамасыз етілуі |
Өзгеде |
||||
|
Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін |
Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін |
Тыңайған |
Жайылым-дық |
Шабын-дық |
Басқа алқаптар |
|
|
|
||||
|
1 |
Қосшы а/о |
200,0 |
|
|
200,0, жалға беру мерзімі 10 жыл |
|
199,5 |
|
0,5 |
16 |
қашық |
|
|
2 |
Мереке а/о (қайталама) |
500,0 |
|
|
500,0 га, жалға беру мерзімі 10 жыл |
|
463,9 |
28,5 |
7,6 |
11 |
қашық |
|
|
3 |
Мереке а/о |
400,0 |
|
|
400,0 га, жалға беру мерзімі 10 жыл |
230,0 |
169,2 |
|
0,8 |
11 |
қашық |
|
|
4 |
Тасқала а/о |
200,0 |
|
|
200,0 га, жалға беру мерзімі 10 жыл |
200,0 |
|
|
|
27 |
қашық |
|
|
5 |
Шежін а/о |
3000,0 |
|
|
3000,0га, жалға беру мерзімі 10 жыл |
0 |
2457,0 |
531,0 |
12,0 |
25 |
қашық |
|
ЕСКЕРТПЕ
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстықұсыныс;
5) өтінімберушішаруанемесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығыөндірісінжүргізуүшінуақытшаөтеуліжерпайдалану (жалғаалу) құқығын беру жөніндегіконкурстыңжеңімпазыдептанылғанжағдайда, шаруанемесе фермер қожалығын не ауылшаруашылығыөндірісінжүргізуүшінауылшаруашылығымақсатындағыжеручаскесінуақытшаөтеуліжерпайдалану (жалғаалу) шартынақолқоюқажеттігітуралыхабарламаныалғанкүнненбастапүшжұмыскүніішіндекөрсетілгеншарттыжасасужөніндегіміндеттемеқамтылуғатиіс. Шаруанемесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығыөндірісінжүргізуүшінуақытшаөтеуліжерпайдалану (жалғаалу) құқығын беру жөніндегіконкурсқақатысуғаөтінімдіжекетұлғаныңнемесеҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікемесзаңдытұлғасыныңуәкілеттіөкілдеріҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынасәйкесберілгенжәнересімделгенсенімхаттыңнегізіндеұсынаалады.
Конкурстық ұсыныста: 1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны); 2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер; 3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс. Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде 2021 жылдың 8 ақпанынан 26 ақпанға дейін сағат 9.00 ден бастап сағат 17.00 аралығында жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе ҚР 2015 жылғы 24 қарашадағы "Ақпараттандыру туралы" Заңына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі.
Қатысушылардың өтініштері мен құжаттарын қабылдау БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылы Жуков көшесі, №3 мекенжайда орналасқан «Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ 115 каб жүргізіледі. Байланыс телефон: 87113922525, 40047.
Конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы 2021 жылдың 1 наурызы, сағат 15.00 де аудан әкімдігінің үлкен залында өткізіледі.