2021-2023 жылдарға арналған азаматтық бюджет

         2021 жылға арналған аудандық бюджет көлемі 5 040 529  мың теңгені құрайды (2022 жылы – 4 073 508 мың теңге, 2023 жылы – 4 141 601 мың теңге).
         Аудандық бюджеттің өз кірістері 2021  жылы 660 161 мың теңге (корпоративтік табыс салығы – 11 000 мың теңге, жеке табыс салығы – 191 090 мың теңге, әлеуметтік салық – 189 996 мың теңге, меншікке салынатын салықтар – 217 068 мың теңге, тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар – 12 577 мың теңге, заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер – 3 816 мың теңге, басқа да салықтық емес түсiмдер – 15 914 мың теңге және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 18 700 мың теңге) сомасында (2022 жылы – 684 667 мың теңге, 2023 жылы – 684 983 мың теңге).

 2021 жылы жалпы сипаттағы трансферттер (субвенция)  сомасы 3 314 334 мың теңге (2022 жылы – 3 388 841 мың теңге, 2023 жылы – 3 456 618 мың теңге) құрайды

.Сонымен қатар, 2021 жылы жоғары бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер 1 171 046 мың теңге сомасында  (2022 жылы – 0 теңге, 2023 жылы – 0 теңге) қарастырылған.
         Бұған қоса, 2021 жылға арналған аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен өтеу кестесіне сәйкес бұрын берілген бюджеттік кредиттерден 52 056 мың теңге сомасында қайтару қарастырылған.

 

 

Дата публикации
25 января 2021