Ауданның жылдық бюджеті 8 млрд 711,4 млн теңгені құрады.
2021 жылдың 1 қаңтарына бюджеттің орындалуы 8 млрд 648,7 млн теңгені немесе 99,3% - ды құрады.
Жыл аяғына игерілмеген қаражат 62,7 млн. теңге, оның ішінде:
РБ, ОБ бөлінген трансферттері және кредиттер- 31,4 млн. теңге– оның ішінде:
– 11,1 млн. т. - Атамекен ЖОББМ күрделі жөндеу-техникалық қадағалаудың қорытындысы бойынша авариялық жағдайға байланысты мектепке тиесілі қосалқы ғимарат жөндеуге жатпайды;
- 10,4 млн.т. – Аудандық мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеу-техникалық қадағалаудың қорытындысы бойынша өртке қарсы дабылдағыш құрылғысын және хореография залына айналар орнату жұмыстары қабылданбауына байланысты;
- 7,9 млн.т. - Ақтау ЖОББМ күрделі жөндеу-техникалық қадағалаудың қорытындысы бойынша сыртқы әжетхана, жарлардың тегістелуі мен подвалды жөндеу жұмыстары қабылданбауынан;
- 1,0 млн.т. - Алтынсарин ЖОББМ күрделі жөндеу-техникалық қадағалаудың қорытындысы бойынша 3 есік кіре беріс пен 1 есік асханаға кіреберіс және асханадағы май сорғыш құрылғы орнату жұмыстары қабылданбауы;
- 0,6 млн. т. – әлеуметтік сала трансферттері бойынша алушылар санының азаюы;
- 0,4 млн.т. – үнемделу және қалдықтардың дөңгелектеу сомалары.
Меншікті қаражат - 31,3 млн. теңге:
– 25,1 млн. т. - Тасқала ауылындағы дене шынықтыру комплексі құрылысының 2021 жылға ауысуы;
- 3,0 млн. т. - ЖАО резервінің пайдаланылмаған сомасы;
- 0,9 млн. т. - карантинге байланысты жеке балабақшаны ұстауға қаржыландырылатын жалпы сипаттағы трансферттер (ТОХ) бойынша үнемдеу;
– 0,9 млн. т. - аудан мектептері бойынша қазандықтар жеткізілмеумен сот процедуралары мен ЖСҚ дайындаудан үнемдеудің дөңгелектеу сомалары;
- 0,5 млн. т. - суды зертханалық зерттеу мен жолдарды ұстау қызметтерінен үнемдеу;
– 0,4 млн. т. - ауданның 37 мекемесі бойынша қалдықтарды үнемдеу және дөңгелектеу сомасы;
- 0,3 млн.т. – жер жобаларын дайындау бойынша реквизиттерді дұрыс көрсетпеуі;
- 0,2 млн.т. – аудан мектептері қалдықтарының дөңгелектеу сомалары.