Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2019 жылдың 10 желтоқсандағы № 38-б бұйрығымен «2020 жылға Тасқала ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.
Бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың IV-тоқсанында 1 жергілікті атқарушы органда және 1 ведомстволық бағынысты мекемеде ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде заң бұзушылық анықталмады. Тексеріс нәтижесінде жалпы 30 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
Тексеріс қорытындысы бойынша 3 ұсыныс беріліп, қазіргі таңда 2 ұсыныс орындалды.
Қызмет алушылар тарапынан барынша талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (100 қызметтен астам) «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын және тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында есепті кезеңді 10 адамды қамтыған 1 семинар-кеңес өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында 95 жадынама таратылып, 120 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес 9 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен 8 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 2017 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
- қағаз түрінде қызмет берушілер арқылы – 5 қызмет;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде – 267 қызмет;
- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері арқылы – 1213 қызмет;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы – 211;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Лицензиялау» арқылы электронды түрде – 327 қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде 80 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Ағымдағы жылдың 8-10 желтоқсан күндері «Мемлекеттік қызметтерді көрсету дағдыларын жетілдіру. Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым-қатынас жасау» тақырыбындағы 24 академиялық сағаттан тұратын оқытуға (онлайн форматта) мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты 8 маман қатысып, біліктіліктерін шыңдады.