2020 жылдың 14 қаңтар 4 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің Тасқала ауданының тұрғындарымен өткізілген есептік кездесулерінде тұрғындардан түскен ұсыныс - ескертпелерін орындау іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

№

Сын ескертпелер мен ұсыныс-пікірлер

Орындалуы туралы ақпарат

1.      

Бастау ауылындағы көктемгі су шайып кеткен жолды жөндеуге смета дайындау

«Аманбаев» ш/қ демеушілік көмегімен жөндеу жұмыстары жасалды.

2.      

Бірлік а. кіреберіс жолын жөндеуге жобалық-сметалық құжат жасау

Бірлік ауылына кіреберіс жолға сметалық құжаттама дайындау жұмыстары 2021 жылдың жоспарына енгізілді.

3.      

Бірлік а. ауыз су жүйесін өткізуге жобалық-сметалық құжат жасау

Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға  мемлекеттік сатып алу арқылы бас жобалаушы анықталып, 2020 жылдың 15 шілдесінде келісім шарт жасасып, қазіргі таңда ЖСҚ-ы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сараптама қорытындысын алу 2021 жылдың наурызында жоспарланған.

4.      

Атамекен ауылына дейін 18 км жолды жөндеуге  жобалық-сметалық құжат жасау

Атамекен ауылына кіреберіс 0-18 км аудандық маңызы бар автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында қазіргі уақытта сметалық құжаттама дайын, кешенді сараптамаға жолданды.

5.      

Амангелді ауылының Саржайлау көшесіне интернет өткізу

Интернет желісі тартылды.

6.      

Тасқала ауылындағы аурухана артындағы бөгетті жөндеуге сметалық құжат жасау

Бөгет жөнделді

7.      

Тасқала а. Төлегенова және Шевченко көшелерінің жолдарын жөндеу

Тасқала ауылы Шевченко көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Ағымдағы жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы арқылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал Төлегенова көшесіне үнемделген қаражатқа қиыршық тас төселді.

8.      

Ақтау ауылына дейін 2,5 км жолды күрделі жөндеуге  жобалық-сметалық құжат жасау

Актау ауылына 2,5 шақырым кіреберіс автомобиль жолдарын жөндеуге демеушілік көмек арқылы жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

9.      

Мереке ауылына кіре беріс жолы мен Акжигитов көшесінің жолын жөндеуге  жобалық-сметалық құжат жасау

Мереке ауылы бойынша ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге смета жасақталды.

10.                        

Мереке ауылында сарып ауруын анықтау үшін ауыл шаруашылық малдан қанды тегіс алу

Соңғы 2 қан алу жұмыстарының нәтижесі бойынша сарып ауруына шалдыққан ІҚМ анықталған жоқ. Осыған байланысты Мереке ауылы бойынша сарып ауруын анықтау мақсатында қан алу жұмыстары аяқталды.

11.                        

Екінші Шежін ауылының ауыз су бағасын төмендету және сапасын көтеру

Екінші Шежін ауылында ауыз су бағасын төмендету мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына субсидия төленетін су құбырлары қатарына енгізуге құжаттары жолданды, басқарма өз кезегінде тиісті комитетке жолдады. Ай сайын сапасын тексеру мақсатында сынамалар алынып, қорытындысы бойынша тиісті шаралар атқарылып отырады.  

Дата публикации
29 декабря 2020