Ақтау әкімі аппаратының 2026 жылдың 10 айында атқарған жұмысы туралы ақпарат

  1. Интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша халыққа ақпараттық көмек көрсетіп, 215 ауыл тұрғынына «eGov» қосымшасы арқылы несиеге мерзімсіз шектеу қойылды.
  2. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында меринос қой шаруашылығын дамытуға М.Закариянов шағын жеңілдетілген пайызбен несие алып, жеке кәсібін ашты.
  3. Ақтау ауылының қараусыз жүрген малдың иелеріне малды бағымсыз жібермеуге ескертулер мен мал ұрлығын алдын алу бойынша жадынамалар таратылды. 27 мал иелеріне айыппұл салынып, өндірілді.
  4. Істен шыққан көше шамдары ауыстырылуда.
  5. Ауылды абаттандыру жұмыстары бойынша, әр апта сайын ауыл бойынша сенбіліктер ұйымдастырылды. Орталық саябақтағы теректер ақталып, отырғыштар сырланды. ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш ақталып, сырлау жұмыстары жүргізілді.
  6. Орталық саябақтың қоршауларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сырланды.
  7. Көктемгі су тасқыныан кейін бөгетті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
  8. Қыс мезгілініде ауыл ішілік жолдар қардан тазаланды.
  9. Қатты тұрмыстық қалдықтар орны жинастырылып, тазаланды.
  10. Ақтау ауылы ішіндегі тұрғындар жүретін көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
  11. Ақтау ауылы көшелердегі автокөлік жолдары тазаланды, жол жанындағы өскен шөптер шабылды.
  12. Округте 2 пәтерлі 2 тұрғын үй салынуда.
  13. Қайырымдылық айы аясында шаруа қожалықтар мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғыз басты қарияларға мал азығымен көмек көрсеттті.
  14. Ветеренария саласы бойынша 4967 бас ірі қара малдан қан алынды, оның ішіенен 17 бастан бруцеллез ауруы анықталып, барлық анықталған мал жойылды.
  15. Ақкүтір елді мекені бағытындағы көлік жолы жөнделуде.

 

Жарияланған күні

29 қазан 2026 09:12

Жаңарту күні

29 қазан 2026