Жер қатынасары бөлімінің 2026 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары бойынша

Тасқала ауданының жер учаскесінің жалпы көлемі 806805 гектар. Соның ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің жалпы көлемі 557405,3 гектар, соның ішінде егістік жер учаскелері 39343,4 гектар, тыңайған жер учаскелері 57741,4 гектар, көпжылдық екпелер 12 гектар, шабындық жер учаскелері 101273,2 гектар, жайылым жер учаскелері 359035,3 гектар, басқа жер учаскелері 4381,7 гектар. Елді-мекен жерлері 133989 гектар, өнеркәсiп, көлiк, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер көлемі 3008 гектар, су қорының жерлері 978 гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер 175 гектар, алаңдар, жолдар, көшелер астындағы жерлер 13,0 га, орман қорының жерлері 1588,0 га, босалқы жер учаскелерінің көлемі 105280,0 гектар.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланушылардың саны жалпы саны 404, соның ішінде 349 шаруа қожалығы, 35 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 16 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі, 3 ғылыми-зерттеу және оқу мекемелері, 1 ауданаралық мал айдау тас жолы.

Қазақстан Республикасы Жер Кодексіне сәйкес 2026 жылы Тасқала ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне
2 конкурс өткізіліп, 8 жер учаскесі жалпы көлемі құраған 3444 га құрады. Сонымен қатар, 2026 жылы аудан бойынша коммерциялық мақсаттағы жалпы көлемі 19,5 га құрайтын 5 жер учаскелеріне 3 аукцион ұйымдастырылды.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатына сай пайдалануы қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі. Осыған орай,  2026 жылы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы, Батыс Қазақстан облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментімен БҚО әкімдігінің бекітуімен 2026 жылға арналған бірлескен жоспары - 5000 га болып отыр. Қазіргі таңда 11376 га жер учаскелері ауданның арнайы жер қорына енгізілді.

Жарияланған күні

28 қазан 2026 15:39

Жаңарту күні

28 қазан 2026