КІРІСТЕР БОЙЫНША
2020 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 525,0 миллион теңге сомасында немесе есепті кезеңнің жоспарына 117,8 (445,7 миллион теңге) орындалды. Негізгі табыс көзі төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 118 %, әлеуметтік салық – 106,9 % болып табылады.
Жоғары тұрған бюджеттен трансферттер 7 миллиард 491,6 миллион теңгені немесе аудан түсімдерінің жалпы көлемінен 84,1 % құрады.
Ағымдағы жылдың 11 айында аудандық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 525 миллион теңге сомасында немесе жылдық жоспарға 114,5% ( 458,5 миллион теңге) орындалды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджеттің кіріс бөлігін орындау 462,1 миллион теңге сомасында немесе 100,8% жоспарлануда.
Жоғары тұрған бюджеттен түсетін трансферттер 7953,0 миллион теңгені немесе аудан түсімдерінің жалпы көлемінің 85,3% құрады, оның ішінде "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде – 1762,3 миллион теңге (6 жоба).
Облыстық бюджеттің Ішкі қарыз қаражаты есебінен 179,2 миллион теңге қарастырылған.
"2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту Жол картасы" бағдарламасы аясында ауданда жалпы сомасы 543,5 миллион теңгеге 9 жоба іске асырылуда.
ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША
Аудандық бюджеттің шығыстары 87,4% орындалды. Бюджет шығыстары 7 миллиард 204,3 миллион теңгені құрайды.
Орындалмағаны 1038,7 миллион теңге, оның ішінде:
Игерілмеудің ең ірі сомалары трансферттер бойынша:
- 514,1 миллион теңге – Тасқала ауылындағы жолдарды күрделі жөндеу бойынша - мердігер бордюрлерді, жол жиектерін, белгілеулер мен белгілерді орнату бойынша жұмысты аяқтамады (РБ – 343,5 миллион теңге, ОБ – 170,6 миллион теңге);
- 128,8 миллион теңге – су құбырларын қайта жаңарту - орындалған жұмыстар бойынша актілерінің болмауы;
- 148,4 миллион теңге – Мерей жолын күрделі жөндеу бойынша-Қазынашылықтың түзету жүргізбеуіне байланысты қосымша келісімді тіркемеу;
- 59,7 миллион теңге – Атамекен және Ақтау ЖОББМ күрделі жөндеу бойынша-орындалған жұмыстар бойынша техникалық қадағалаудың ескертулеріне байланысты қабылдау актісіне қол қоймау;
- 47,9 миллион теңге – су құбырларын қайта жаңарту-орындалған жұмыстар актілерінің болмауы;
- 71,4 миллион теңге - күрделі жөндеу бойынша - орындалған жұмыстар бойынша техникалық қадағалау ескертулеріне байланысты қабылдау актісіне қол қоймау (57,4 миллион теңге Тасқала ауылындағы аудандық мәдениет үйі, 14,0 миллион теңге – Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ).
Игерілмеудің ең ірі сомалары меншікті қаражат бойынша:
- 19,1 миллион теңге – жеткізушілерден орындалған жұмыстар актілерінің болмауы (әкімдікке бейнекамералар орнату, стадион брусчаткасын, спорт алаңын жайластыру, көшені жарықтандыру, автомобильдерді жөндеу) қайта бөлу сомасы;
- 17,3 миллион теңге - тауарды (аудан мектептеріне, ішкі саясат бөліміне дрон, сорғылар мен қазандықтарды, оргтехниканы және мектептен тыс жұмыс орталығына жұмыс істеуге арналған ресурстық жиынтықтарды) жеткізу бойынша шот фактуралардың болмауы;
- 4,6 миллион теңге - Клиент қазынашылық жүйесіндегі іркіліске байланысты төлемдер жүргізілген жоқ;
- 4,3 миллион теңге - ашық әкімдікке ноутбуктер сатып алу бойынша жеткізілімнің болмауы;
- 3,5 миллион теңге - еңбекке жарамсыздыққа байланысты жалақы және салықтар бойынша ағымдағы үнемдеу;
- 3,5 миллион теңге – мерзімді басылымдар бойынша ағымдағы үнемдеу;
- 2,6 миллион теңге – байланыс қызметтері бойынша шот-фактуралардың болмауы.