Жұмыспен қамту

Жұмыспен қамту

2026 жылдың есепті кезеңіне Тасқала аудандық мансап орталықтарында ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 431 адамды құрап отыр, жұмыссыздық деңгейі 4,7%

2026 жылы  Аудан бойынша 951 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып, бүгінгі күнге 950 адам әр түрлі шараларға жолданды немесе жоспар 99,8% орындалды.

2026 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына  25 адамды  жолдау жоспарланса, есепті кезеңге  25 адам жолданып, жоспар 100% орындалып отыр.

Күміс жас жобасы бойынша 2026 жылы жұмысқа орналастыру жоспары 12 адамды құрайды, нақты 12 адам жолданып,  жоспар 100% орындалды.

Жастар тәжірибесі

2026 жылы жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа орналастыру жоспары аудан көлемінде 35 адамды құрап отыр, бүгінгі күнге 35 адам жолданып, жоспар  100% орындалды.

Қоғамдық жұмысқа жолдама беру жоспары 2026 жылы 125 адамды  құрайды. Нақты жолданғандар 182 адам, жоспар 146% орындалды.

2026 жылы тұрақты жұмыс орындарына орналастыру жоспары 503 адамды құрайды, нақты  455  адам жұмысқа орналасып, жоспар 90% орындалды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша оқыту жоспары 25 адам,   бүгінгі күнге қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдау үшін 8 жұмыс берушілерден өтінім қабылданды. 12 адам жолданды, сонын ішінде 3 адам бітірді, ал 9 адам оқуын жалғастыруда, жоспар 48% орындалды.

2026 жылы мемлекеттік қайтарымсыз грантқа 8 адамға  17300,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде І лекте 4 адамға грант берілді, ал       ІІ лекке мемлекеттік қайтарымсыз грантқа өтінім беру үшін business enbek.kz порталы ашылмады.

2026 жылы «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспары 94 адамды құрайды, нақты 94 адам оқытылды немесе жоспар 100% орындалды.

skills.enbek.kz платформасында онлайн оқытуға 110 адам жоспарланса, 118 адам оқуды аяқтап сертификатқа ие болып, жоспар 107%  құрап отыр.

2026 жылы мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша ауданға 5 мүгедектігі бар адамдарға квота белгіленді және есепті кезеңге квота аясында 4 адам немесе 80% жұмысқа орналастырылды. Квота аясында соңғы 1 орын Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Достық жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де, Достық ауылында жұмысқа жарамды мүгедектер жоқ болуына байланысты орындалмау қауыпы бар.

2026 жылы пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға                       1 квота белгіленді, бүгінгі күнге 1 адам квота аясында  жұмысқа орналасып, жоспар 100% орындалды.

2026 жылы өңірлік жұмыс орындарын құру картасы бойынша жұмысқа орналастыру жоспары аудан көлемінде 8 адамды құрап отыр, бүгінгі күнге 3 адам жолданып, жоспар  37,5% орындалды.

Екінші ұлттық жоба «Тасқала-Озинки» өткізу пунктін жөндеу жұмыстарына 5 адам жолдау жоспарлануда,  мердігері КазАвтожол проектке түзету жұмыстары жасалуына байланысты жұмысын бастамады. Жұмыс басталған кезде жұмыссыз азаматтар жұмысқа жолданып жоспар орындалатын болады.