Артқа

Каиров Әлихан Асқарұлы

Тасқала ауданы әкімінің орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Әлихан Асқарұлы білімі жоғары,2016 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Биология» мамандығы, 2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мансап

Еңбек жолын 2015 жылы «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің Орал қаласындағы координаторы болып бастаған. 2016 – 2017 жылдар аралығында «Батыс Қазақстан облысының Студенттер альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 2017 – 2018 жылдар аралығында Орал қаласы әкімі аппаратында және Желаев ауылдық округ әкімі аппаратында іс жүргізушісі, бас маман, 2018 - 2023 жылдары Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасында бас маман, 2023 жылдан бастап бүгіңгі күнде дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы лауазымын атқарып келді.2026 жылдың 23 қазанынан бастап Тасқала ауданы әкімінің орынбасары лауазымына уақытша тағайындалды.