Қызылағаш, Саралжын, Жаңақоныс, Жырақұдық, Қарағанды, Қособа,  Құспанкөл және  Талдыбұлақ ауылдарының шекараларын (шегін) белгілеу туралы

Қызылағаш, Саралжын, Жаңақоныс, Жырақұдық, Қарағанды, Қособа,  Құспанкөл және  Талдыбұлақ ауылдарының шекараларын (шегін) белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Сырым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес ауданы 54,70 гектар, периметрі 2988,59 метр Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі Қызылағаш ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ауданы 70,94 гектар, периметрі 3354,33 метр Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі Саралжын ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 3-қосымшасына сәйкес ауданы 58,24 гектар, периметрі 3273,02 метр Сырым ауданы Сарой ауылдық округі Жаңақоныс ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  4. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 4-қосымшасына сәйкес ауданы 153,0 гектар, периметрі 4763,14 метр Сырым ауданы Қособа ауылдық округі Жырақұдық ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  5. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 5-қосымшасына сәйкес ауданы 117,73 гектар, периметрі 4876,89 метр Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округі Қарағанды ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  6. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 6-қосымшасына сәйкес ауданы 166,0 гектар, периметрі 8402,53 метр Сырым ауданы Қособа ауылдық округі Қособа ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  7. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 7-қосымшасына сәйкес ауданы 112,16 гектар, периметрі 4801,68 метр Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округі Құспанкөл ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  8. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 8-қосымшасына сәйкес ауданы 210,0 гектар, периметрі 6427,18 метр Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі Талдыбұлақ ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  9. Аудан әкімі аппаратының басшысы осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  10. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметовке жүктелсін.
  11. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі

 

сессия төрайымы

 

Мәслихат хатшысы

 

 

Қызылағаш, Саралжын, Жаңақоныс, Жырақұдық, Қарағанды, Қособа,  Құспанкөл және  Талдыбұлақ ауылдарының шекараларын (шегін) белгілеу туралы