ФЕДЯНИНДЕР ШАҢЫРАҒЫНДА…

ФЕДЯНИНДЕР ШАҢЫРАҒЫНДА…
Бүгін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Құбаев, аудандық ардагерлер одағының төрағасы Мүсірбек Айташев, “АМАНАТ” партиясының аудандық филиалы басшысы Талғат Дарғожиев және бірқатар жастар ардагер ұстаз Ким Федянинді Амал мерекесімен құттықтап, батасын алды.
Ким Федяниннің Жымпиты орта мектебінде басталған еңбек жолы 41 жылға жалғасты. Ол 1984- 1993 жылдар аралығында мектеп директоры қызметінде болды. Басшылық қызметте болса да, Ким Федянин өзінің ең әуелі мұғалім екендігін ұмытпады. Ким Николаевич жасақтаған физика кабинеті өзінің дәуренінде облыс көлеміндегі уақыт талабына сай жабдықталған, материалдық базасы жетік, озық кабинет атанды. Кейін бұл кабинеттен берісі ұстазының жолын жалғаған, әрісі Еуропа елдерінде тағылымдамадан өткен, Назарбаев университеті сияқты әлемдік білім ордасында қызмет жасайтын ғалымдар шықты. Федянин мырзаның қайраткерлігі деп, оның білім беру ісінде қазақ балаларына ғылымды қазақ тілінде түсіндіру тәжірибесін енгізгенін айтар едік. Педагог оқулықтардың тілін қазақша сөйлетіп қана қоймай, өзінің бергі саналы ғұмырында да қазақ тілінің айнымас жанашыры болып келеді.
Осы қасиеттері Ким Федянинді құрмет биіктерімен алып жүруде.
Қоңдыкер ЕЛЕУОВ,
“Сырым елі”