ҰСТАЗДАР «САҚАЛ САУДАСЫН» САХНАЛАДЫ

ҰСТАЗДАР «САҚАЛ САУДАСЫН» САХНАЛАДЫ
Дәуірдің, уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына орай ақын атындағы мектеп педагогтары Қадыр айлығы аясында ақын шығармашылығынан “Сақал саудасы” атты комедиялық қойылымын сахналады.
- “Сақал саудасы” қойылымы ақын шығармаларындағы ерекше туындылардың бірі. Бұл қойылым комедиялық жанрда көрсетілгенімен, сол дәуірдегі қоғамның кемшілігі, адамдар арасындағы әділетсіздік секілді саяси нәрселердің барлығы шынайы түрде жеткізілген.
- Мен бұл қойылымда өзінің ақылдылығымен, айлакерлігімен және білімпаздық секілді қырларымен өзінен жоғары лауазымды адамдардың, саудагерлердің жасаған күнәларын әшкерелеп, көрерменге жақсы қырынан көрінген Алдар көсе рөлін сомдадым. Жалпы қойылымның балаларға берер тағылымды дүниелері көп. Ақиқаттың түбі жеңіп шығатыны, өтіріктің құйрығы бір тұтам екені түсіндіріледі,“ - дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арман Әмірғалиұлы.
Кеш соңын Сырым ауданы білім беру бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Берік Жанболсынов және мектеп директоры Меруерт Жұмағалидың сөзімен қорытыланды.
Қ.ЕЛЕУОВ,
“ СЫРЫМ ЕЛІ”