БАЙЫРҒЫ ҰСТА 90 ЖАСТА

БАЙЫРҒЫ ҰСТА 90 ЖАСТА
Жосалылық Өтебай Сағидуллинді жерлестері қарапайым еңбеккер жан ретінде құрметтейді, сыйлайды.
Ол мұндай құрметке жастайынан еңбек сүйгіштік асыл қасиеті, ортаның адамы ретінде сыйластығымен ие болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды жұмысшы мәртебесіне құрмет көрсету, оларды тиісінше марапатқа ұсыну жөнінде қадап айтты.
Міне, аудан орталығындағы «Ару-Ай» мейрамханасында осының айғағы іспеттес қарапайым еңбек иесі Өтебай Сағидуллиннің 90 жасқа толуына орай салтанатты шара өтті.
Шараға жерлестері, ағайын-тумалары, сондай-ақ Жосалы ауылдық округінің әкімі Батырғали Иманқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев арнайы қатысып, қарияға құттықтау тілектерін арнады.
Мерейлі шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев 90 жастың төріне шығып отырған Өтебай Сағидуллинді аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың атынан құттықтап, арнайы жазылған құттықтау хатын салтанатты жағдайда тапсырды.
Сондай-ақ ардагерлер сәлемін жеткізген Мүсірбек Әлібекұлы мерейтой иесінің өңіріне облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Бергеннің атынан
Батыс Қазақстан облысының «Құрметті ардагері» төсбелгісін өңіріне қадады.
Шарада ауыл әкімі Батырғали Иманқұлов -құттықтау лебізін арнап , қарияға сый сияпатын жасап, иығына шапан жапты.
Ұзақ жыл шаруашылық та ұсталық қызметте болған Өтебай Сағидуллинге осылайша құрмет көрсетілді.
Жұмысшы мәртебесіне құрмет деген осы болса керек.
«СЫРЫМ ЕЛІ»