БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ ОЗА ШАПТЫ

БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ ОЗА ШАПТЫ
БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ ОЗА ШАПТЫ
Желтоқсан айының 10-14-і күндері Астана қаласында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған, жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңі ұйымдастырылды.
Білімділер додасына Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептен облыстық кезеңде жеңімпаз атанған 3 оқушы оқыған-тоқығанын таразыға салып, қанжығаны майлап қайтты.
Екі кезең бойынша өткен олимпиадада Қазақстан тарихы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Сумайра Қайыржан, құқық негіздері пәні бойынша 10 «А» сынып оқушысы Перезат Сағындық ІІ орынға, құқық негіздері пәні бойынша 10 «А» сынып оқушысы Инабат Сағындық алғыс хатқа ие болды.
Батыс Қазақстан облысының намысын қолдан бермеген зияткерлер «Ең үздік олимпиадалық команда» аталымына ие болды.
Топ жарған шәкірттердің жетекшісі— тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі, педагог-шебер Гүлдана Нұғманова.
Астанадан асығы алшысынан түсіп оралған оқушыларды Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп директоры Меруерт Жұмағали бастап, мұғалімдер, ата-аналар қарсы алды.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА