САРОЙДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫНЫҢ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ

САРОЙДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫНЫҢ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Сарой және Жетікөл ауылдық округтерінде Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының #9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына үш сайлау учаскесінде мәслихат депутатының сайлауы өтуде.
#302 учаскелік сайлау комиссиясы Мемлекеттік гимн ойнап, таңғы сағат 7-де өз жұмысын бастады. #9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 970 сайлаушы болса, #302 Шағырлой сайлау учаскесінде 321, #304 Көздіғара сайлау учаскесінде 151 және #301 Қосарал сайлау учаскесінде 498 сайлаушы бар.
#302 Шағыолой сайлау учаскесіне 324 бюллетень келді.
Ең алғашқы дауыс беруші шағырлойлық Гүлбарам Жұматоваға #302 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Сәбит Арыстанғалиев алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.
Айта кетейік, бүгінгі сайлауға үміткер ретінде «AMANAT» партиясы атынан Байдашев Ернар Болатұлы, өзін-өзі ұсынушылар Есмұрат Әділет Киікбайұлы, Халит Қайсар Яудаұлы түсіп жатыр.
Сайлауға байқаушы ретінде Ернар Байдашевтің сенімді өкілдері Ереш Бисенғалиев қатысуда.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА