САРОЙДА ФАП САЛЫНУДА

САРОЙДА ФАП САЛЫНУДА
САРОЙДА ФАП САЛЫНУДА
Сарой ауылдық округі бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы ауыл әкімі халыққа есеп берді.
Жиынға Сарой ауылдық округінің әкімі Айбол Жакиев, аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев және мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
2024 жылы округ әкімдерінің халықпен кездесу жиналысында тұрғындар тарапынан Шағырлой ауылынан фельдшерлік акушерлік ғимаратын салу, ауыл кіреберіс жолын жөндеу, су тасқынынан зардап шеккен тұрғынға жәрдем беру сынды өзекті әлеуметтік - экономикалық ұсыныс, өтініштер түскен болатын. Ауыл әкімі А.Жакиев есеп беру баяндамасын әуелі осы сауалдардың орындалу нәтижесінен бастады.
— “Ауыл - ел бесігі” мемлекеттік бағдарламасы аясында, облыстық денсаулық сақтау басқармасының жоспарына сәйкес, ФАП ғимаратын шілде айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы ғимараттың қабырғасы қаланып, төбесі жабылды. Бүгінгі күні ауылдың жұмыссыз 4 тұрғыны жұмыспен қамтылды.
Ағымдағы жылы жоспарға сәйкес маусым айынан бастап кіреберіс жол салынып, қазіргі кезде жолдың екі жағына шебен төсеу және мектепке дейінгі жол салу жұмыстары қалды.
Су тасқынынан зардап шеккен Жаңақоныс ауылының тұрғыны А.Төлегеноваға 368 мың теңге көлемінде көмек тағайындалып және Көздіқара ауылынан Ш.Өтепов көшесінен жаңа үй салынып беріліп, тұрғын үй табысталды, - деді, ауыл әкімі Айбол Каримоллаұлы.
Кездесуде халық тарапынан қыс айларында ауыл көшелерінің қарын толықтай қыру, көше жарық шамдарын орнатып беру және ауыл ішіндегі бұралқы иттерді жою жөнінде өтініш, ұсыныстар айтылды.
Қ.ЖЕҢІСҰЛЫ
«Сырым елі»