ЖОЛДАН ТАЙМА, ЖАСӨСПІРІМ!

ЖОЛДАН ТАЙМА, ЖАСӨСПІРІМ!
ЖОЛДАН ТАЙМА, ЖАСӨСПІРІМ!
Бүгін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте есірткі, алаяқтық және де тағы басқа құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында жиын өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев төрағалық етті. ҚР құрметті спорт қайраткері Санат Берсебаев, Сырым ауданының прокуроры Ершат Камбетов, Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Тимур Айтуғанов, Сырым АПб бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бағдат Тугелов және аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Темірбеков Нұрбол Қобыландыұлы қоғамдық тәртіп, адамдар арасындағы ереже жөнінде кеңінен сөз қозғады.
Өтпелі кезең жасындағы балаларға өткізілген шараға Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің оқушылары, Сырым лицейінің оқушылары, Ж. Досмұхамедов атындағы орта мектептің оқушылары және “Сырым колледжі” МКҚК ұжымы қатысты.
«Сырым елі»