АРДАГЕР КІТАПХАНАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕР КІТАПХАНАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
М. Есламғалиұлы атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 24-қазан – Кітапханашылар күніне орай «Кітапханашы – руханият шамшырағы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев, ардагер кітапханашылар қатысты. Оларға арнап дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.
Ардагер кітапханашыларға сұрақтар қойылып, ең алғашқы жұмыс күні, есінде қалған ерекше оқиғалар, бұрынғы және қазіргі кітапхана ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Қазақ салт-дәстүрі туралы сұрақтарға жауап берді. Кітапханашылар жайында бейнеролик көрсетілді.
Шарада «Демалыс орталығының» әншілері кітапханашыларға арнап ән тарту етті.
М. Есламғалиұлы атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Айнұр Уалиахметова ардагер кітапханашыларға құттықтау хат табыс етіп, алғысын білдірді.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА