РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТА — ЖАҢА БАСШЫ

РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТА — ЖАҢА БАСШЫ
Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Кубаев аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы болып Халит Қайсар Яудаұлы тағайындалды.
Қайсар Яудаұлы 1997 жылы Сырым ауданы Қосарал ауылында дүниеге келді. Сырым орта мектебінен 2015 жылы түлеп ұшып, Орал гуманитарлық колледжін 2017 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады. 2020 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіннен құқықтану бағдарламасы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
Алғашқы еңбек жолын 2017 жылы Сырым аудандық прокуратурасынан «Жастар тәжірибесі» арқылы бастады.
2018 жылы 7 қарашадан бастап, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші-маман қызметін атқарды.
2022 жылдың тамыз айынан бастап “Сырым жастары” жастар қоғамдық бірлестігінің төраға қызметін бүгінгі күнге дейін атқарып келді.
Отбасылы, 5 баланың әкесі.