МЕМҚЫЗМЕТКЕРГЕ ҚҰРМЕТ

МЕМҚЫЗМЕТКЕРГЕ ҚҰРМЕТ
МЕМҚЫЗМЕТКЕРГЕ ҚҰРМЕТ
Мемлекеттік қызметтің ардагері, жерлесіміз Сабырғали Оразовтың мерейлі 75 жасқа толуы және өмірлік серігі Сара Сегізекқызымен шаңырақ құрғандарына 50 жыл толуына арналған Алтын тойы «Жеті қазына» мейрамханасында дүркіреп өтті.
Мерекелік басқосуда ағайын-тумалары достары, әріптестері көп жиналды.
Ақ дастарқанда мерейтой иелеріне ақжарма тілектер молынан айтылды, құшақ толы гүлдер ұсынылып, сый-сияпаттар тапсырылды.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Шынар Дүйсенғалиева ардагер аға Сабырғали Оразовты мерейтойымен құттықтап, аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың атынан жазылған құттықтау хатты тапсырып, иығына шапан жапты.
Ал, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев Сабырғали Батырғалиұлына құттықтау лебізін арнап , облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Бергеннің атынан құттықтау хатты табыс етіп, өңіріне БҚО-ның «Құрметті ардагері» төсбелгісін қадады.
Мерейтой иесі өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын айтты.
Шынар ЯУДАҚЫЗЫ