ТАБОРДА ҚАЛҒАН ЖАҢҒЫРЫҚ

ТАБОРДА ҚАЛҒАН ЖАҢҒЫРЫҚ
ТАБОРДА ҚАЛҒАН ЖАҢҒЫРЫҚ
Кеше Орал қаласындағы Қ. Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының сыртқы сахнасында
Сырым ауданының көркемөнерпаздары берген “АУЫЛ - АТАМЕКЕН ПЕРНЕСІ!” концертінде Қадекең сөзін жазған әндердің тарихы айтылды.
Қадыр туындыларының тарихын ашу үшін сырымдықтар өнер падишасы - театр тілін пайдаланды. Төрт көрініс “Атамекен”, “Сыған серенадасы” әндерінің баянын айтады, Қадекеңнің өлеңге адалдығын суреттейді.
Көріністерді жазған - ақын Бауыржан Ширмединұлы мен актер Сәндібек Өтеғалиев.
Ақын “Атамекен” әні туралы:
- Аула қақпасынан басталады, Отан отбасынан басталады. Атамекенімізге сенің сазың мен менің сөзімнен ескерткіш қоюға тиіспіз, ооо композитор!
- Адам қызық қой. Біреу шетелде жағажайда, ыстық құмның үстінде жатуды аңсайды келеді. Біреу қара шаңырағын, ыстық пештің түбін сағынады. Біреу шетелге алып ұшады. Ал, біреу ауылына жете алмай жүр. Туған жерін қалай қияды екен?! Оуу, атамекенді Күннің өзі қимай батпай ма?!
- деп толғанады.
Халыққа сыған тоборындағы Шәмші әнінің жаңғырығы да қызық болды. Барон рөлін Нұрлыбек Уәлиахмет, сыған сұлуы Изольданы Айгерім Шайхиева ойнады.
“Сырым елі”