ЖЫМПИТЫДА ДЗЮДО ТОЙЫ БАСТАЛДЫ!

ЖЫМПИТЫДА ДЗЮДО ТОЙЫ БАСТАЛДЫ!
ЖЫМПИТЫДА ДЗЮДО ТОЙЫ БАСТАЛДЫ!
Сырым ауданында дзюдо күресінен 2009-2010 жылғы жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионаты басталды.
Салтанатты ашылу рәсімі А.Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өтті.
Облысымыздың 12 ауданы мен 2 қаласының балуандарын жиған чемпионат үш күнге созылмақ. Бұйырса, үш күнде дзюдоның жас жұлдыздары жарқырайды, жаңа есімдер белгілі болады.
Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Дзюдо тойының дүбірін самбо,қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі төреші, жерлесіміз Айболат Сұлтановтың мерейлі 50 жасы жалғады.
Ердің жасына жеткен спортшыны аудан әкімі ел алдында құттықтап, иығына шапан жауып, астына ат мінгізді.
Қоңдыкер ЕЛЕУОВ,
Сырым ауданы