ҚАРАБАҚ ҚАҚТЫҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚАРАБАҚ ҚАҚТЫҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
1-шілде – Таулы Қарабақтан әскерлердің шығарылғанына 32 жыл толуына орай Сырым ауданының бірқатар Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан ұрыс-қимылдарының ардагерлері марапатталды. Батыс Қазақстан облыстық Таулы Қарабақ ардагерлерінің төрағасы Әсет Жұмағалиевтен жеткен «Қазақстан ардагері» медалі Ерген Еркеғалиев, Қазыбек Исмағұлов, Шоқан Қуанаев, Болат Рамазановтың өңіріне тағылды.
Сатыбалды Мусилов, Әділхан Утешев, Есен Қаженов «Кавказ елдеріндегі ұрыс қимылдарына қатысушы» медаліне ие болды.
Алтай ЖҰМАЖАНОВ,
Сырым аудандық Таулы Қарабақ ардагерлерінің төрағасы