БИЛІКТІҢ БЕЙНЕСІ, ХАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТШІСІ - МЕМҚЫЗМЕТКЕР!

БИЛІКТІҢ БЕЙНЕСІ, ХАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТШІСІ - МЕМҚЫЗМЕТКЕР!
Бүгін Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті. Әріптестерін кәсіби мерекемен Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов құттықтады:
- Кез келген өркениетті елде мемлекеттік қызметкердің атқаратын рөлі ерекше екені белгілі. Өйткені мемлекеттік қызметші – биліктің биік бейнесін танытып, іскерлік қабілетін көрсететін тұлға, мемлекеттік саясатты алға жылжытатын қозғаушы күш. Көктемде болған төтенше жағдай кезінде мемлекеттік қызметшілеріміз аянбай еңбек етті. Күн - түн демей қызмет қылып, халықпен бірге екендіктерін көрсетті. Ел басына күн туғанда бір сапта болған әріптестеріме, мемлекеттік қызметшілерге өз алғысымды білдіремін! Халық сеніміне селкеу түсірмеу – біздің басты міндет. - деді Жұмагелді Батырниязов.
Салтанатты шарада бірқатар мемқызметшілер марапатқа ие болды. Атап айтсақ, Бұлдырты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Самат Кубаев пен аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Ерлан Галимов
облыстық кәсіподақ ұйымының “Құрмет грамотасына” ие болды. Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов,
Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі Ерлан Журалиев,
аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Гүлжанат Хангужина, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Перизат Илашева,
Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мәншүк Ерниязова,
БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Сырым ауданды бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Гүлнұр Абдуллина, Сырым аудандық санитарлық эпидемиологиялық басқылау басқармасының бас маманы Алия Хамидуллинаға Сырым ауданы әкімінің алғыс хаты тапсырылды.
Халық қызметшілерінің құрметіне аудан көркемөнерпаздары ән шырқады.
Б. ШЕРІМ,
“Сырым елі”
Суреттерді түсірген: Айман ӨТЕҒАЛИЕВА