СЫРЫМ АУДАНЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЛЫҚ АЯСЫНДА 71, 3 ТОННА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ ШЫҒАРЫЛДЫ.

СЫРЫМ АУДАНЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЛЫҚ АЯСЫНДА 71, 3 ТОННА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ ШЫҒАРЫЛДЫ.
Сырым ауданы бойынша көктемгі көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында жарияланған сенбілік аяқталды.
27 сәуір күні аудан бойынша «Таза Қазақстан» акциясы өттіп, 1800 түп қарағаш, 700 түп көк терек ағаш көшеттері егіліп, гүлзарлар жаңартылды.
Екі айда 8 мәрте өткен сенбілікке 986 адам қатысты. 16 техника тартылып, 71,3 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы палигонға шығарылды.
- Сенбілік - мекеме қызметкерлерінің ғана емес, бөлек ауыл тұрғындарының ортақ ісіне, қуатты қозғалысына айналуы керек. Ауданымызды көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру бәрімізге керек. - дейді Сырым аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ерлан Бекқожин.
Иә, таза Қазақстан әркімнің ауласынан басталады.
“Сырым елі”