Күрделі жөндеуге жолданған 139 үйдің 128 – іне қатысты техникалық тексеру мен бағалау қорытындылары дайын.

Күрделі жөндеуге жолданған 139 үйдің 128 – іне қатысты техникалық тексеру мен бағалау қорытындылары дайын.
Күрделі жөндеуге жолданған 139 үйдің 128 – іне қатысты техникалық тексеру мен бағалау қорытындылары дайын. Мамандар шығынның жалпы көлемін 218 млн теңгеге шамалайды деп отыр. 47 үйдің иесіне барлығы 94,3 млн теңге қаражат аударылды.
Бұған қоса, топан судың топалаңы тиген үйлерге 105 млн теңге көлемінде бірреттік материалдық көмек ұсынылды.
Сырым ауданы тұрғындардың малына келген шығындарды да төлеп құтылды. 58 бас ірі қара, 142 ұсақ мал және 8 жылқы үшін 30, 6 млн теңге берілді. Шығын бұдан да көп, сондықтан жәрдем көлемі бұдан да артық болуы тиіс еді. Өкінішке қарай, тұрғындар иелігіндегі малдарын бірыңғай деректер базасына тіркемеген. Есепте жоқ малдың сұрауы да жоқ.
Мемлекеттік заңынан да құдіретті заң – даланың заңы ғой. Үйірілген су үйіне, құйылған су қорасына кіріп – шығып, табиғат апаттан тәлтіректеп қалған ағайынға осындай қазақ жылу жинамайтын ба еді? Табынындағы сиырынан сиыр, отарындағы қойынан қой бөліп, малы қырылған ауылдасының алдына салып берсе, ол да адамдық, азаматтық емес пе? Ондай байлар бар ма қазір?
Құлаған қора – қопсы мен бүлінген тұрмыстық техниканың да шығыны есепте. Қайрат Нұржанұлы 162 үй бойынша істен шыққан тұрмыстық жабдық – техникалар үшін 90 млн қаражатқа сұраныс берілгенін айтты.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы