«СЫРЫМНЫҢ БАРЫСЫ» - НҰРСҰЛТАН!

«СЫРЫМНЫҢ БАРЫСЫ» - НҰРСҰЛТАН!
«СЫРЫМНЫҢ БАРЫСЫ» - НҰРСҰЛТАН!
А.Шайхиев атындағы Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің залында “Қайсар” спорт клубының ұйымдастыруымен Астана күніне орайластырылған қазақ күресінен ересектер арасында “Қазақстан барысы” республикалық турнирінің Сырым аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Додаға ауылдық округтер мен аудан орталығынан палуандар белдесіп, “Өгіз палуан” және “Түйе палуан” атағын сарапқа салды.
Қарсыластарынан бабы басым болған төмендегі балуандар жеңіс тұғырынан көрінді.
”Өгіз палуан”
орын - Габбасов Темірлан /Жымпиты/
орын - Нығмет Әсет /Жымпиты/
орын - Бауыржан Жандаулет /Жосалы/
”Түйе палуан”
орын - Мырзахметов Нұрсұлтан /Өлеңті/
орын - Орынбасаров Аманғали /Жосалы/
орын - Тұрлан Мерлан /Алғабас/
“Түйе палуан” бәсекесінің жүлдегерлерін спорт ардагері, Сырым ауданының құрметті азаматы С.Берсебаев пен спорт ардагері, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері, Сырым ауданының құрметті азаматы Қ.Бақтияров марапаттап, Нұрсұлтанның беліне еңбегі сіңген белдікті тақты.
“Сырым барысы” атанған Нұрсұлтан Мырзахметов 18 мамырда Бөкейорда ауданында өтетін облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғайтын болады.
«Қайсар» спорт клубы.