ЗЕРДЕЛІ ДИАНА “ЗЕРДЕДЕН” ЖҮЛДЕ АЛДЫ.

ЗЕРДЕЛІ ДИАНА “ЗЕРДЕДЕН” ЖҮЛДЕ АЛДЫ.
Оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының
республикалық “ЗЕРДЕ” конкурсында сырымдық оқушы Диана Талғат үшінші орын иегері атанды.
Қорытынды кезең 30 қаңтар - 1 ақпан күндері аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 2-7 сынып оқушылары арасында өткен. Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Досжан Тайшиевтің айтуынша, бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру және қолдау мақсатындағы байқауға Қ.Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Диана этномәдениет бағытында зерттеу жұмысын ұсынған.
Жетекшісі - Л. Нұрмұханова.
Айта кетейік, ҚР оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Сырым ауданы бойынша 11 жас зерттеуші марапатталды.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы