СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
2024 жылғы көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдайлар бөлімі бірлесіп дайындық жұмыстарын жүргізуде. Аудан тұрғындарын су тасқынының алдын алу шараларымен ақпараттандыру мақсатында, ескертпе қағаздары, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар бөлімімен 1 бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілерде тұрақты жариялануда, ауыл аралық шолуларда тұрғындарға табысталуда.
Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратымен Өлеңті, Жымпиты ауылдарында Өлеңті өзенінің бойына бөгеттер көтерілді.
Жергілікті атқарушы органмен бірлесіп 1500 дана құм толтырылған қапшықтар дайындалды(жұмыстар жалғасуда).
Өлеңті өзенінде бөлім және №14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 200 дана тесік бұрғылау жұмыстарын жүргізді.
Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында мұз жару жұмыстарына Өлеңті өзенінен 600 шаршы метрді құрайтын 2 координата белгіленді.
Жымпиты ауылдық округіне қарасты Қапақ нүктесінде бөлім қызметкерлері, №14 өрт сөндіру бекеті қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен бірлесе отырып көктемгі су көтерілуінің алдын алу мақсатында Өлеңті өзенінің бойындағы 400 шаршы метр жерде тал шабу жұмыстары атқарылды.
2024 жылдың 4 ақпан күні Жымпиты ауылдық округіне қарасты Қапақ нүктесіндегі Өлеңті өзенінің бойындағы орналасқан бөгет және Жымпиты ауылындағы ескі көпірдегі су өту құбыры экскаватор техникасының көмегімен алынып тасталды. Аталған жұмыстар өз кезегінде су тасу кезеңінде мұз кептелісін тудырмауға әсер етеді.
Ағымдағы жылдың 1 ақпан күнінен бастап Аудан орталығынан қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі күнге дейін 1440 текше метр қар шығарылды.
Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімі