Абай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде

Абай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде
«Еркем-ай» тобы ашылды.
Мектепке дейінгі кезең –мектепке дайындық сатысы, баланың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту кезеңі. Демек бала, өміріндегі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту тәсілінің ұйымдастырылған оқу қызметінен баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әр баланың әлеуәтін барынша дамытуға жағдай жасауға қарай өзгеру тиіс.
Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында балаларды соның ішінде 2 жастан бастап балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет екенің атап айтты.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасының 1-нысаналы индикаторының орындау, 2 жастағы балдарды балабақшамен қамту мақсатында 2024 жылдың 1 ақпанын күні Сырым ауданы білім беру бөлімінің Абай мектеп-бөбекжай-бақшасында 2 жастағы балаларға арналған толық күнді «Еркем-ай» кіші тобы ашылды.
Ашылу салтанаты мектеп директоры Г.Еркетлеуова құттықтау сөзімен басталды. Ашылу салтанатына аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Ә.Ахмет, Сарой ауылдық округі әкімінің орынбасары С.Қанықбекұлы және ата-аналар қатысты.
Топ бөлмелері жаңа жиһаздармен, ойыншықтармен толық қамтылған. Балаларға барлық жағдай жасалған. Ата-аналар балаларының толық күнді балабақшаға келетініне қуанып, өз ризашылықтарын білдірді.
АӘК әдіскері А.Махсотова
Білім Басқармасы