ХІ АУДАНДЫҚ ҚАДЫР ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

ХІ АУДАНДЫҚ ҚАДЫР ОҚУЛАРЫ ӨТТІ
ХІ АУДАНДЫҚ ҚАДЫР ОҚУЛАРЫ ӨТТІ
Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен мектепке дейінгі тәрбиеленушілері арасында ХІ аудандық Қадыр оқулары байқауы өтті.
«Сөзім барда - өзім бар» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу бөлімі бойынша бас жүлдені Бұлдырты орта мектебінен Рахман Хайырбек жеңіп алды. Жетекшісі З.Берниязова. 1 орын иегері – Айсезім Каспай Қособа МББК 8 сынып, жетекші С.Бупениязов, 2 орын иегерлері – Асизат Кәусар, Қызылағаш НОМ 5 сынып, жетекшісі Г.Туменбаева, Саят Рысқали Көздіғара НОМ 9 сынып, жетекші А.Муратова. Ерасыл Файзолла Сырым МББК 6 сынып, (жетекшісі Ш.Құмар) мен Әдемі Бақытжан Қ.Мырзалиев ат.ОМ 5 сынып, (жетекшісі А.Ғабдықұл) 3 орынға ие болды.
«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» ән орындау бөлімі бойынша 2 орынды Сырым Серікқали (Абай МББК 6 сынып, жетекші А.Пионеров), 3 орынды Нұрым Амангелді (Қ.Мырзалиев ат.ОМ 10 сынып, жетекші А.Талапова) еншіледі.
«Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» атты оқушының өз шығармашылығы бөлімінде бас жүлде А.Жұмағалиев атындағы МББК оқушысы Гүлден Ерболқызына бұйырды. Оның жетекшісі – Н.Қабешова. В.Шубин атындағы ОМ оқушысы Жансая Насыпкалиева 1 орын, (11 сынып, жетекші А.Агисова), М.Каналиев атындағы МББК Марат Мадина 2 орын, (5 сынып, жетекші А.Жукеева), Бұлан МББК Нұртілеу Бейбіт 3 орын (5 сынып, жетекші Н.Махсотова) иегері атанды.
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілер және бастауыш сынып оқушылары арасында өткен аудандық байқауда бас жүлдені Айша Бахытжан қанжығалады (Бұлдырты ОМ 1сынып, жетекшісі М.Несіпқалиева). Сырым МББК 4 сынып оқушысы Диас Орақ 1 орынды иеленді, жетекшісі И.Зайлағиева.
Қ.Мырзалиев атындағы ОМ 1 сынып оқушысы Айша Есмагулова (жетекшісі Б.Габдрахимова) мен Әмірхан Бисембай (Аралтөбе ОМ 3 сынып, жетекшісі А.Зинешова) 2 орынға ие болды. Ақжібек Русланқызы (Қособа МББК 3 сынып, жетекшісі А.Бискалиева) мен Айнара Бактыгереева (Қызылағаш НМ 3 сынып, жетекшісі Б.Зейнуллина), Айша Насифулла, (Ж.Досмұхамедов атындағы МББК 3 сынып, жетекшісі С.Шуканова), Айзере Болатова (Талдыбұлақ МББК 2 сынып, жетекшісі А.Балмагамбетова) 3 орындарды еншіледі.
Әділқазылардың айтуынша, ХІ аудандық Қадыр оқуларына оқушылардың дайындық деңгейі төмен, қатысушылар саны да азайған. Қадырдың өлеңін жаттаушылар да өлең санын едәуір кеміткен. Бұдан Қадыр оқуларына деген оқушылардың қызығушылығы бәсеңдегенін, байқауды жаңғыртып, жаңартатын, жаңа бағытта ұйымдастырар кез келгенін аңғарамыз.
Айта кетейік, 2018 жылы Сырым орта мектебінен Береке Орынбасар республикалық Қадыр оқуларында ақынның 355 өлеңін жаттаған болса, 2019 жылы Темірлан Маратов 400 өлеңі мен 1 поэмасын жаттап келген еді. 2023 жылы аудандық Қадыр оқуларынан бас жүлде алған Айсана Мұратова 207 өлеңін жатқа айтып, облыстық кезеңнен де бас жүлдені жеңіп алып, республикаға жолдама алды.
Биылғы байқауда Қадыр Мырза Әлидің ең көп өлеңін жаттаған Айсезім Каспай екен, ол ақынның 100 өлеңін жаттапты. Бастауыш сыныптар арасында Диас Орақ Қадырдың 75, Айша Бахытжан 50 өлеңін дайындап әкеліпті.
Байқаудан кейін Қадыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА