ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - Теңгенің 30 жылдығымен және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев аудандағы қаржы саласының бірқатар мамандарын мерекемен құттықтап, марапаттар табыс етті.
Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Сания Жұбанғалиева Қаржы министрлігінің алғыс хатымен, бас маман Ерлан Галимов облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталса, Сырым ауданы әкімінің алғыс хатына Қазынашылық басқармасының басшысы Асқар Жолдығұлов, бас маманы Ақгүл Иманғалиева, экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Айнагүл Оразаева, кірістер басқармасының бас мамандары Мирас Мырзағалиев, Жанна Қыдырсихова, Халық банк қызметкерлері Сүндетқали Оразғали, Зергүл Хамитова ие болды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Муса Шалабаев әріптестерін мерекемен құттықтап, мерекеде елеусіз қалдырмаған аудан әкімдігіне қаржыгерлер атынан алғыс білдірді.
Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы