ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев қазан айының соңғы жексенбісімен тұспа-тұс келген Әлеуметтік сала қызметкерлері күнімен кәсіби мереке иелерін құттықтады. Артур Мұратұлы ауданымызда әлсіз топтарға жағдай жасап, қамқорлық танытып, оларға мейірімін төгіп, осы салада көптеген істер атқарып жүрген әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін елеулі екенін айтып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Аудан әкімінің орынбасары қажырлы еңбектерімен аудан дамуына сүбелі үлес қосып, аянбай қызмет етіп жүрген бір топ әлеуметтік сала қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті. Олардың ішінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері Гүлайым Қуанышқалиева, Мейрамгүл Ихсанова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО филиалы Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Сырым аудандық бөлімінің жетекші маманы Гүлмира Қойшыбаева, аудандық мансап орталығының маманы Думан Анваров бар.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА