ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН ЖЕРЛЕР ҚАЙТАРЫЛУДА

ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН ЖЕРЛЕР ҚАЙТАРЫЛУДА
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланбай, иесіз жатырған жерлерді мемлекет меншігіне кері қайтару жөнінде нақты тапсырма берген болатын.
Осы тапсырмаға сәйкес аудандық жер қатынастары бөлімінде арнайы бұйрыққа сәйкесті мониторингтік топ құрылып, иесіз жатырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тексерістер жүргізуде.
Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Арман Тоқтаровтың бұл бағыттағы әңгімесіне назар аударсақ, біркелкі жұмыстар атқарылған.
Мәселен, Арман Мәжитұлының айтуынша, 2022 жылы аудан бойынша пайдаланбаған 18000 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Ал, 2023 жылдың алты айлығында 8 шаруа қожалығындағы жер пайдаланушыдан иесіз, пайдаланбаған 3550 гектар жер мемлекетке қайтарылды.
Жалпы, аудан бойынша 24 жер пайдаланушы иелігіндегі 44300 гектар жерге БҚО жер ресурстарын басқару департаментіне тексеру жүргізуге хат жолданды.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда 1000 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару мақсатында ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотта іс қаралуда. Арман Мәжитұлының айтуынша, басты мақсат пайдаланылмаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып, конкурс арқылы ауыл шаруашылығымен айналысуға ниет еткен азаматтарға беріледі.
Осы тұрғыда тиісті жер көлеміне ие болып, егістік пен айналысуды қолға алған шаруа иелері Шолақаңқаты, Алғабас, Талдыбұлақ ауылдық округтерінде нақты мысал болмақ.