105 ТҮЛЕК – МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ

105 ТҮЛЕК – МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ
Биыл ауданда орта мектепті 176 түлек бітірді. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 171 бала өтті. «Алтын белгі» иегері 17 болса, 11 түлек үздік аттестатты меншіктеді. Мемлекеттік грант иегері атанған – 105 түлек.
Абай орта мектеп-балабақша кешенінің үш мектеп бітіруші түлектерінің үшеуі де білім грантын иеленді. Бұдан кейін тізімде Сырым лицейі тұр. Лицейдің 9 түлегінің 8-і грантқа оқуға түсті. Аралтөбе орта мектебінің 4 мектеп бітіруші түлегінің үшеуі – грант иегері. А.Жұмағалиев атындағы орта мектепті 10 түлек тәмамдаса, 7 түлек мемлекеттік білім грант иегері атанды.