СЫРЫМ ЖАСТАРЫ БІРІНШІ ОРЫНДА

СЫРЫМ ЖАСТАРЫ БІРІНШІ ОРЫНДА
Халықаралық жастар күніне орай “JAIYQ JASTARY” фестивалі аясында өңір жастарының басын қосу, танымдық деңгейін арттыру мақсатында облыс жастары арасында “БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ” зияткерлік ойыны өтті. Ойынға 12 ауданның жастары қатысып, Сырым ауданының намысын қорғаған Сырым жастары командасы өз білімдерін жоғарғы деңгейде көрсетіп, қарсылас командалардан оқ бойы озып шықты.
Команда Анатолий Райымбек Қайратұлы - (Атамекен балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығының бөлім меңгерушісі, 1 монография, 3 ғылыми еңбектің авторы)
Ғабдықұл Арман Әмірғалиұлы - (Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Республикалық педагогтар олимпиадасының 2 орын иегері)
Сағынбай Бекзат Русланұлы - (Аралтөбе жалпы білім беретін мектебінде химия және биология пәнінің мұғалімі)
Жәнібек Нұрсұлтан Нұрбергенұлы - (Сырым мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі, ҚР 10-шы жазғы универсиадасының күміс жүлдегері, “Жаңа мектепке жаңашыл ұстаз” облыстық байқауының дипломанты)
Жандос Мендешұлы - Сырым мектеп-(лицейінің информатика пәні мұғалімі, Облыстық жыл үздігі байқауының жеңімпазы)
Нығметжанов Бекболат Талғатұлы - (Сырым мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, Сырым ауданының “үздік жас ұстазы” аталымының жеңімпазы) жас ұстаздардан құрылды.
“JAIYQ JASTARY” фестивалінің алғашқы жарысы Сырым ауданының жеңісімен аяқталды. Алдағы уақытта аудан намысын қорғайтын жастарымызға жанкүйер болайық! Жастарға қолдау білдірейік!