ДЕПУТАТТАР ДИҚАНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ДЕПУТАТТАР ДИҚАНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Бүгін Сырым ауданына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Арман Өтеғұлов және Ләззат Рысбекова келді. Сенаторлар жұмыс сапарын Шолақаңқаты ауылдық округіндегі «KazMeatIndustry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егістік алқабын аралаудан бастады.
Өткен жолы жазғанымыздай, асыл тұқымды қой мен ешкі өсіруге бағыт қойған ұжым 2020 жылы округ аумағынан жалға 9820 гектар егістік жер алды. Әрине, малды баққасын, оның жайылымын үйлестіру және қорадағы азықтық қорын да қамдау – міндет. «KazMeatIndustry» болса үшін ең тиімді бағытты – дәнді дақылдарды егуді, яғни малдың азығын өзі даярлауды қолға алды.
Қазіргі таңда арпаға орақ түсті. Депутаттармен диқандармен жолығып, шаруашылық жайын әңгімелесті.