ЖОСАЛЫНЫҢ НАУРЫЗЫ ЕРЕКШЕ ӨТТІ

ЖОСАЛЫНЫҢ НАУРЫЗЫ ЕРЕКШЕ ӨТТІ
Жосалы ауылдық округінде Наурыз айшықтары 14-наурыздан көше Наурыздарымен басталды. Ауылдың алты көшесі келін түсіру, сырға салу, құда түсу, тұсау кесу рәсімдерін көрсетті.
19 наурызда тоғызқұмалақтан, 20-сы күні волейболдан, 21-і күні балалар арасында қазақша күрестен жарыс өтті. Ал, 22 Наурыз күні мерекелік қорытынды концерт болып, ауылдық округ әкімі Батырғали Иманқұлов жосалылықтарды құттықтады. Ұлттық спорттық ойындар ойнатылды. Ерлер, әйелдер арасында қол күресі, кір тасын көтеру, қой көтеру, арқан тарту ұйымдастырылды.
Жосалылық жігіттер түйе және өгіз палуан атағы үшін белдесті. Құсайын Ерболат Түйе палуан, Ерәмір Ізімғали өгіз палуан атанды. Жарыстардың жүлделеріне жосалылық шаруа қожалық жетекшілері демеуші болды.