Қосаралдық зейнеткер 200 бетперде тікті

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бастамасымен волонтерлардың бетперде тігу жұмыстары басталған болатын. Халықтың саулығына алаңдаулы Қосарал ауылында тұратын зейнеткер Мария Зулкашева жұмыс қолының жетіспей жатқанын естіп бей-жай отыра алмапты. Жастардың ісіне қолдау танытып, бір тәулікте 200 бетперде тікті.