ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін аудандық мәдениет үйінің фойесінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Қайырымдылық жәрмеңкесінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдары саттыққа шығарылды. Аралтөбе, Алғабас, Бұлдырты, Бұлан, Қособа, Жетікөл, Елтай, Жымпиты ауылдық округтерінен әлеуметтік қызметкерлер 120-ға жуық бұйым әкелді. Оның ішінде ою-өрнекпен безендірілген жастық, көрпеше, үйге арналған әсемдік бұйымдар, кәрзеңке, тақия, тоқылған ұйық, кеудеше, шашқа тағуға арналған резеңкелер, сөмке, төсеніш, тұмар, таспих, тағы да басқа көптеген қолөнер туындылары бар.
Аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтен бастап, мекеме, бөлім басшылары, кәсіпкерлер жәрмеңкеге келіп, қажетті бұйымдарын сатып алды. Жәрмеңкеден жиналған қаржы 132 000 теңге қайырымдылыққа жұмсалатын болады.