«ҚАМБАР БАТЫР» ЖЫРЫН ЖАТҚА АЙТЫП ЖАРЫСТЫ

«ҚАМБАР БАТЫР» ЖЫРЫН ЖАТҚА АЙТЫП ЖАРЫСТЫ
Бүгін М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапханада «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қамбар батыр» жырын жатқан оқу байқауы өтті.
Қорытынды бойынша М.Қаналиев атындағы орта мектептің 5 «ә» сынып оқушысы, жырдан 190 жолды жатқа айтқан Дильназ Сейполла І орынды жеңіп алды. Екінші жүлдені Бұлан орта мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 6 сынып оқушысы Айзере Аманбай мен Бұлдырты орта мектебінің 5 сынып оқушысы Гүлназ Жайғали бөлісті. Жыр жаттауда Аралтөбе орта мектебінің 5 сынып оқушысы Нұршаттық Мұстафа мен Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 7 сынып оқушысы Әмір Темір үшінші орыннан көрінді.