Сырым ауданы прокуратурасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысы туралы

Азаматтардың мемлекеттік билік органдарына өтініштері олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құралы ғана емес, сонымен қатар мемлекет істерін басқаруға тікелей қатысу нысаны болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және прокуратурада азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға және Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының лауазымды тұлғаларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың 10 айында аудан прокуратурасына жеке және заңды тұлғалардан 221 өтініш келіп түсті. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылы 56 өтінішке өскендігін байқауға болады. Өтініш берушілердің негізгі бөлігі мемлекеттік органдардың, тергеу және анықтау органдарының, сот орындаушылардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданады.
Аудан прокурорының жеке қабылдауында ағымдағы жылы 63 азамат түрлі мәселелер бойынша қабылданды.
Ағымдағы жылдың талдау жүргізіліп отырған кезеңінде 11 өтініш қанағаттандырылса, 2 өтініш қанағаттандырудан бас тартылды және 37 өтініш бойынша ауызша түсіндіру берілді.
Уәкілетті мемлекеттік орган әрекет етпеген не оның заңсыз әрекеттері жағдайында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін прокуратура органдарында қарау жөніндегі жұмыс қайта жанданды.
Мысалы, прокуратура актісі бойынша жергілікті атқарушы органдар 1 жеке кәсіпкердің құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданды. Атап айтқанда «Бер-Жол» шаруашылық қожалығының директоры М.Н. Назарбаевтың арызы негізінде орта білім ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру конкурс өткізу кезеңінде заңнаманың сақталуына талдау жүргізіліп заң бұзушылықтарды анықталды.
Сол себепті, аудан прокуратурасымен аудан әкімінің атына наразылық келтірілген.
Наразылықтың қарау қорытындысымен Сырым аудандық білім беру бөлімі 2020 жылдың 27 қаңтарында жарияланған орта білім ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру конкурстың күші жойылған. Сондықтан прокуратураның араласуымен жеке кәсіпкер Назарбаевтың құқықтары қорғалған.
Жалпы, кәсіпкерлерді түрлі мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласу фактілерінен тиімді және уақтылы қамтамасыз ету үшін прокуратурада тиісті мобильдік топ құрылды, оған әрбір кәсіпкер жүгіне алады (сенім телефоны 31-156).
Бұдан басқа, прокуратурада азаматтарды жеке қабылдау күнделікті негізде жүргізіледі, әрбір адам жоғары қадағалау органының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жүгіне алады.
Азаматтар аудан прокуратурасына жүгіну құқығын келесі тәсілдермен жүзеге асыра алады: өтінішті «Қазпошта» АҚ қызметі арқылы жолдай алады, аудан прокурорының жеке қабылдауында, қолма – қол және электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.
Сондай–ақ, прокуратурада «өтініштерді қабылдауға арналған» жәшік орнатылған, ол өтініш берушілер үшін қолжетімді жерде орналасқан. Хат – хабар жәшіктен күн сайын шығарылады, тіркеуге және қарауға беріледі.
Азаматтың жазбаша өтінішінде өтінішті жолдаған азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (соңғысы – болған жағдайда), жауап жіберілуі тиіс пошталық мекенжайы (электрондық мекенжайы болған жағдайда), байланыс телефонының нөмірі, ЖСН, мәселенің мән-жайын баяндау, жеке қолы және күні болуға тиіс.
Бас прокуратураның 2020 жылғы 22 қазандағы жедел кеңесінің хаттамасын орындау үшін Сырым ауданының прокуратурасының бастамасымен 2020 жылғы 6 қарашасында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ведомствоаралық отырыс өткізілді.
Отырыста сұрақтардың бірі – «Мемлекеттік органдармен арыздарды тіркеу, жолдау және қарау барысындағы заңдылықтың сақталуы» талқыланды.