130 ЖАС МАМАНДЫ ТӘРБИЕЛЕГЕН

130 ЖАС МАМАНДЫ ТӘРБИЕЛЕГЕН
Еңбек күніне орай Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен салтанатты шара өтіп,бірқатар еңбек адамдары марапатталды.
Облыстық «Еңбек жолы» байқауында «Жұмыс жасайтын жастардың Үздік тәлімгері» аталымы бойынша Сырым аудандық электр торабының бас инженері Мұқанов Серікбол Алпысбайұлы жүлделі ІІ орынды иеленді.
48-жылдық еңбек өтілі бар Серікбол Алпысбайұлы бүгінге дейін 130 жас маманға тәлімгер болып, еңбектің қыр-сырын меңгертті.
Отбасында жары Нәзила Хамитқызымен бірге үш перзент сүйіп, тәрбиеледі. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.