ДӘСТҮРЛІ ДІНДІ ДӘРІПТЕ

ДӘСТҮРЛІ ДІНДІ ДӘРІПТЕ
ДӘСТҮРЛІ ДІНДІ ДӘРІПТЕ
Аудандық Сырым колледжінде теолог, ұстаз, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Ерғали Алпыспаевтың мекеме ұжымдарымен кездесу жиыны өтті.
Жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Құбаев, Сырым ауданының орталық мешітінің бас имамы Нұрәлім Қисметов қатысты.
…Кездесу барысында теолог Ерғали Алпыспаев дін саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, әсіресе жастар арасындағы діни сауаттылықтың маңыздылығын атап өтті. Ол дәстүрлі ислам мен теріс ағымдардың айырмашылығын нақты мысалдармен түсіндіріп, деструктивті діни идеологияның қоғамға тигізер зияны жайында баяндады.
Спикер қатысушылармен ашық диалог форматында пікір алмасып, оларды мазалаған сұрақтарға жауап берді. Кездесу өте мазмұнды әрі танымдық сипатта өтті. Ұжым өкілдері теологтың берген нақты ақпараттары мен тәжірибелік кеңестерін жоғары бағалады.
Сырым ауданының орталық мешітінің бас имамы *Нұрәлім Қисметов* өз сөзінде:
"Бүгінгі таңда теріс діни ағымдардың арбауына түсіп қалу қаупі — өте өзекті мәселе. Мұндай жолдарға түсіп кететіндердің көбі – діни білімді мешіттен емес, әлеуметтік желіден іздейтін жастар. Сондықтан біз жастармен және ұжымдармен тығыз жұмыс істеп, дәстүрлі ханафи мәзһабын дәріптеуді күшейтуіміз керек. Дін – тыныштық пен тәрбие жолы. Осы құндылықтарымызды сақтау — баршамыздың міндетіміз", — деп атап өтті.
“СЫРЫМ ЕЛІ”