Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-дағы Ашық есік күндерінің баспасөз анонсы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 

БЖЗҚ-дағы Ашық есік күндерінің баспасөз анонсы

2021 жылдың 10 желтоқсанында (сағат 10.00., 11.00., 12.00) БЖЗҚ онлайн форматта «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшін» Ашық есік күнін өткізеді. Іс-шараға қатысушылар Қордың жаңа цифрлық қызметтері, болашақ зейнетақыны болжамды есептеу мүмкіндіктері туралы біліп, барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алады. Мысалы, соңғы жаңалықтардың бірі - Қор кеңселеріне бару кезінде Қазақстан Республикасы азаматының:

  • жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
  • қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;
  • зейнетақы жинағының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) мақсатында жеке куәлігінің цифрлық (электрондық) нұсқасын пайдалану мүмкіндігі туралы толыққанды айтылатын болады.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет (https://zoom.us/j/97378669737?pwd=ZmV3YlZ5U3J4RkQxcGx5M0E0dW5XUT09). Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу: (973 7866 9737) және event-кеңес паролін енгізу: (L29hSR) қажет.          

Біз сізді күтеміз!

БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

Дата публикации
03 декабря 2021
Дата обновления
03 декабря 2021
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
19 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Сырым ауданы әкімдігінің ресми фейсбуктегі парақшасы
Инстаграмдағы ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы