Меню

Страницы

Статья

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және жауапты сала мамандары қатысты. Жиында спорт және мәдениет салаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Сарсенов баяндама жасады. Сондай-ақ аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Жанболат Мұхамбетжанов жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар туралы ақпарат берді. Отырыста Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Уәлихметов, Жосалы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Асхат Төлепов, Жетікөл ауылдық округінің әкімі Айдархан Рамазанов және Сарой ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Айбол Жакиев өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Жиын қорытындысында дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық пен заңдылық қағидаттарын сақтау бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Нұрайлым Құбаева ✍🏻

Дата публикации
07 августа 2026
Дата обновления
07 августа 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
19 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Официальная страница на фейсбуге акимата Сырымского района
Официальная страница в инстаграме

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы